БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінде “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Кітаптар айналымы” акциясы ұйымдастырылды. “Кітаптар айналымы” акциясының негізгі мақсаты – оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және білім мен идеялардың таралуына ықпал ету.