Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
07
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
2024 жылдың 7 қараша күні Түркия мелмекеті, Стамбул қаласында өткен “International competition project FESTLIFE" би сайысында №93 жалпы білім беретін мектебінің 8 “Ә” сынып оқушысы Амантай Мерей Гран-при иегері атанды.  Оқушымызға шығармашылық табыстар тілейміз!
“ЕСІРТКІ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ, ӘЛЕМ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТӨНГЕН ҚАТЕР” ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
07
қараша
2024
“ЕСІРТКІ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ, ӘЛЕМ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТӨНГЕН ҚАТЕР”
2024 жылдың 7 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 9”А” сыныбында “Есірткі ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Мақсаты: зиянды әдеттердің алдын алу жолдары мен оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Сынып жетекшісі: Тоқташбай М. Т.
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ЖИНАЛЫСЫ
07
қараша
2024
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ЖИНАЛЫСЫ
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының кезекті жиналысы өтті. Күн тәртібінде: алдағы іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
07
қараша
2024
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Ағымдағы жылдың 7 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 10,11-сыныптарға “Нархоз” университетінің оқытушысы мен студенттері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушылар сауалнама толтырып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.