Бала құқығы туралы конвенция
13.11.2019 ж.Елімізде балалардың құқығын қорғау, ол туралы ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу - әрдайым мемлекет назарындағы маңызды мәселе. Бұл бағыттағы іс-шаралар бүгінгі таңда республика көлемінде өткізіліп жатыр. Бүгін мектебімізде "Бала құқықтары туралы" Конвенцияның негізінде сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушыларға еліміздегі бала болашағын жарқын етуге бағытталған бағдарламалар туралы мәлімет берілді. Бала құқығына қатысты мәселелер талданып, өзара пікір алмасу болды.