Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
маусым
2014

Конкурс кужаттары

«Бекітемін»

№93 ЖББМ директоры

Р.Т.Тұрмахан

__________________

2 маусым 2014 ж.

№ 59 бұйрық 02.06.2014ж.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама

Алматы қаласы білім беру басқармасы

№93 жалпы білім беретін мектеп КММ

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс


Конкурсты ұйымдастырушы:

Алматы қаласы Білім басқармасы «№93 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 050057, Алматы қаласы,Айманов көшесі, 193 «А»

ИИК KZ32070102KSN1000

БСН 990440003667

БИК KKMFKZ2A, Кбе 12

Email tanya_sokolova0309@mail.ru

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 422 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 214.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 4806000 теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

1) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

3) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осыҮлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында

№ KZ 360705023603819001

(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)

орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;

2) осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

 

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осыҮлгілік конкурстыққұжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050057, Алматы қаласы, Айманов көшесі 193 А

Алматы қаласы білім басқармасының «№93 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 22а кабинет Конкрусқа қабылдау және құжатты тіркеуге жауапты – Омарова Шырын Захарқызы

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 17-00ге дейін, 25маусым 2014 жыл, сағат 14-00 дейін аяқталады.

телефон 8 (727) 394-85-89, 8707638 22 25.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақыт пен орында конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

 

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

 

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 5-қосымшасына сәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотынаенгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

тізбесі

 

 

Алматы қаласы білім беру басқармасы

№93 жалпы білім беретін мектеп

КММ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс

 

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымын

дағы көрсетілетін қызметті алушылар

дың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру

мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтанды

руды қамтамасыз етуге

бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

1

Алматы қаласы Білім басқармасының «93 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

422

 

 

 

 

 

 

214

01.07.2014

31.12.2014

Алматы қаласы Білім басқармасының «93 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Алматы қ.,

Айманов к.

193 «А»

4806000

 

 

2 маусым 2014

№ 93 жалпы білім беретін мектеп

директоры Р.Т.Тұрмахан М.О.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау

бойынша конкурстық құжаттамаға

техникалық тапсырма

 

«№93 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларын тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет Айманов көшесі 193«А» мекенжайы бойынша орналасқан орта білім беру ұйымының оқушыларына көрсетілуі тиіс, барлығы 422 оқушы,оның ішіндегі 214 бастауыш мектеп оқушыларын 31.12.2014ж. мерзімге дейін бюджеттік қаражат есебінен 4806000 теңге сомасына тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.

Күн сайын ас мәзірін жұғымдылық, теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде бірінші-үшінші тағамдарды дәрумендірумен конкурстың ұйымдастырушысы әзірлейді және халықтың санитарлық –эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

-әлеуетті өнім беруші талаптарды қамтамасыз етуі тиіс;

-тұтынушылар кепіл болатын тағамдар мен тамақтарды кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау;

-денсаулығының жағдайы бойынша рұқсаттары бар, кәсіби, гигиеналық даярлықтан және аттестаттаудан өткен тұлғаларды жұмысқа қабылдау;

-әрбір қызметкердің медициналық кітапшасының болуы;

-жұмысқа тұру кезінде алдын ала және барлық қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексерулерден уақытында өтуі (медициналық мекемелермен келісім);

-күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераждық журналдар, персоналды ірің және тыныс органдарының өткір ауруларына қарау журналы және басқа құжаттар);

-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтерге сәйкес қызметкерлер еңбектерінің жағдайлары;

-Қызметкерлерді үш жиынтықтан кем емес арнайы киіммен және бас киіммен қамтамасыз ету;

-Технологиялық, тоңазытқыш, желдеткіш және басқа жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істеуі қамтамасыз ету және жұмыстың басталуы алдында жыл сайын тексеріс жүргізу;

-Өндірістік құралдардың, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдардың (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және материалдық –техникалық жарақтандырудың басқа да заттарының жеткілікті мөлшерінің болуы;

-Жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша іс-шараларды жүргізу;

-Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аптечкалардың болуы және оларды уақытында толтырып отыру;

-Семинарлар, әңгімелесулер, лекциялар өткізу жолымен персоналмен санитарлық-ағартушылық жұмыс ұйымдастыру;

-Өрт сөндіру құралдарының болуы. Ыстық тамақ қызметтері бойынша бірінші рет қатысып жатқан әлеуетті өнім жеткізушілер кепіл ұсынуға құқығы бар;

-Азық блогына келіп түсетін азық-түлектер азық-түлік шикізаты мен азық –түлік өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс және шығарылған күні, өнімнің сақталу мерзімі мен жағдайларын көрсете отырып, шығарылғаны, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болуы тиіс.

Ілеспе құжатты өнімді таратуды аяқтағанға дейін сақтауы тиіс.

-Қызметті көрсету кезіндегі негізгі өнімдерінің сапасына сертификаттардың болуы;

-Дайын тамақты босату тек сынама жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тағамдарды құрамында үш адамнан кем емес құрамдағы бракераждық комиссия органолептикалық көрсеткіштер бойынша (сынама тамақ дайындалған ыдыстан тікелей алынады) жүргізеді: медициналық қызметкер, тамақ блогының қызметкері және білім беру мекемесі әкімшілігінің өкілі. Бракераж нәтижесі осы санитарлық ережелердің 12 қосымшасына сәйкес «дайын кулинарлық өнімдерді бракераждау журналына» тіркеледі.Тағамды дайындау технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмаған жағдайда, анықталған кулинарлық кемшіліктер жойылғанға дейін тағам жіберуге босатылмайды.

-күн cайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының, сондай-ақ ангина, жоғары тыныс алу мүшерінің қатаралды көріністерінің болмауын тексереді.

-Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тез бұзылатын азық өнімдерінің сақталу жағдайлары мен сақтау мерзімдерін бақылау мақсатында осы санитарлық ережелердің 11 Қосымшасына сәйкес термометрлерді пайдаланумен (сыныптан басқалары) тоңазытқыш жабдықтарында сақтаудың температуралық режимін бақылауды жүргізеді;

-Технологиялық үдерістің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы алуды осы санитарлық ережелердің 8 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының ( аспаз) қызметкері жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларына бақылауды медициналық қызметкер жүзеге асырады;

-Өндірістік ортаның заттар болып табылатын жабдық, мүлік ыдыс, тара қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптарғасәйкес келуі тиіс және белгіленген тәртіпте азық өнімдерімен байланыста болу үшін рұқсат етілген материалдардан орындалуы тиіс;

-Өндірістік үй-жайларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыш жабдықтардың барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру керек;

-Қандай да бір технологиялық жабдық істен шыққан кезде ас мәзіріне енгізу керек және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету керек;

-Осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залаласыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жиынтықтан кем емес есебібойынша жеткілікті мөлшерде асхана ыдыстарымен және құралдарымен, сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме хат;

-Азық өнімдерімен пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарына жауап беретін форфорлық, фаянс және шыны ыдыстар ( тарелкалар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстар дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан және (немесе) гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдан жасалуы тиіс;

-Формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;

-Оқушылардың тамақтану кестесін сақтау;

-Кассалық аппараттардың болуы;

-Азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған машиналарда жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс.

-Оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдері болдырмау туралы міндеттері

-Мектептегі асүйлік жайға жыл сайын қажеттілікке байланысты міндетті жөндеу жұмыстарын жүргізу;

 

02.06.2014ж.

«№93 ЖББМ» КММ директоры: Р.Т. Тұрмахан М.О.

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

 

Кімге________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.

 

 

2.____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы өтініммен _______________________________________________________

(конкурстың толық атауы)

конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес____________________________________________________________

(қажетін көрсету керек)

қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.

3.____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

4.____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және _______________________________________көрсетілетін қызметтердің

(қажетін көрсету керек)

өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6.____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.

7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

 

Күні

 

Басшының қолы _____________________ М.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлға үшін)

Кімге________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы

 

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)

 

2.____________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)

осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3.____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

4.____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

______________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.

6.____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

 

Күні

 

Басшының қолы _____________________ М.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

үлгілік конкурстық құжаттамаға

5-қосымша

 

 

Қызметкерлердің біліктілігі туралы

мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші толтырады)

 

 

1. Әлеуетті өнім берушінің атауы_______________________________

_________________________________________________________________

2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін _________________________

(әлеуетті өнім берушініңатауын көрсету)

Әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.

Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог:

Қызметкердің Т.А.Ә.

Білімі және мамандығы

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

3.Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ________________________________соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып

(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)

алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.

 

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы

Қызметтерді көрсету орны және жылы

 

 

 

4.___________________________________________________________

(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы)

рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:

 

Көлік түрi

Көлік маркасы

Жекеменшiк, жалға алынған (кiмнен)

Жүргізушіге рұқсат беру туралы мәліметтер(рұқсат беру белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

Рұқсат беру белгісі көрсетілген көліктің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы

 

 

 

 

 

 

5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау.
__________________________________________________________________

 

6.Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.

Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

 

 

Күні

 

Басшының қолы _____________________ М.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

конкурстық құжаттамаға

6-қосымша

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардытамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері

 

 

Критерийлер

Балдар

1

Конкурстың нысанасы болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі

Әр жылға 1 балдан, бірақ 5 балдан аспайды

2

Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар-жоғы

Жоқ

 

(0 балл)

Бар

 

(2 балл)

3

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар-жоғы

Жоқ

 

(0 балл)

Бар

 

(3 балл)

4

Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім

3-разряд

(1 балл)

Арнайы орта білім

4-разряд

(2 балл)

5-разряд және (немесе) жоғары білім

(3 балл)

5

Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан аспайды)

Жоқ

 

(0 балл)

Бір маман ғана бар

(1 балл)

Бар

 

(2 балл)

6

Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар-жоғы

10-нан кем ас атауы

(1 балл)

10-нан 30-ға дейін ас атауы

(2 балл)

30-дан 50-ге дейін ас атауы

(3 балл)

7

Азық-түлікті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу шарттары

Көлік жоқ

 

 

(0 балл)

Жалдамалы көлік

 

(3 балл)

Жеке көлігінің болуы

(5 балл)

 

Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі

конкурстық құжаттамаға

7-қосымша

 

Банктік кепілдік

 

____________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)

Кімге:_______________________________________________________(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

№_________кепілдік міндеттеме

__________________________________ж. «___»__________________

(орналасқан жері)

Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын_________________________,

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

______________________