15 май - Халықаралық отбасы күні » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
15
май
2021

15 май - Халықаралық отбасы күні


👨‍👩‍👧‍👦🏠ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді. 

15 май - Халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. 

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!