⚜️«АУҒАН СОҒЫСЫ — ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЕРЛІК САБАҒЫ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
23
февраль
2022

⚜️«АУҒАН СОҒЫСЫ — ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЕРЛІК САБАҒЫ

⚜️«АУҒАН СОҒЫСЫ — ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЕРЛІК САБАҒЫ

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай және жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында К.Д.Кенебаевтың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17-февральында мектебімізде ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті.

Бұл кездесуге Ким Евгений Федорович, Ибрагимов Нурлан, Печенюк Виктор Кирилович, Дүйсенбаев Байылқожа, Алибаев Назар Бөлегенович, Рахманов Берхан Баймуханович сынды ардагерлер қатысты. Сонымен қатар, жиында Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі Алуа Бауыржанқызы да болды.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары ауған соғысы жайлы түсірілген фильмді тамашалап, Республикалық соғыс және мүгедектер қоғамдығы «Ардагер» ұйымының жүргізіп отырған жұмысы жайлы бейнеролик көрді әрі ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады.

Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді.

Ал 15 февраль – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Сондықтан да іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мектеп директоры Р.Т.Тұрмахан ардагерлер алдында сөйлеген сөзінде: «Біз соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлердің ерліктеріне бас иеміз. Бұл кездесу елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде балалардың бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады» – деді.

Аталмыш әскери іс-шарада оқушылар ардагерлерге өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды әрі тиісті жауаптарын алды.