«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» АТТЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
06
май
2021

«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» АТТЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ

🎥«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» 
АТТЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ ӨТТІ

7 Май – Отан қорғаушылар күні мерекесіне байланысты мектебімізде «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты патриоттық мазмұндағы онлайн сұхбат өтті. 

Онлайн сұхбаттың қонағы – Ауған соғысының ардагері, «Бітімгерлік» және «Интернационалист жауынгер» медальдарының иегері Жүсіпов Серікбай Абдраманұлы.

Онлайн сұхбат барысында ел мен жер, ұлттық және патриоттық тәрбие, ұрпақтар сабақтастығы, Отанымыздың әскери әлеуеті, жас ұрпақ пен бабалар аманаты жайлы мәселелер көтеріліп, өзара ой-пікір алмасу, сұрақ-жауап болды.

Сұхбат қонағы өзінің өмір жолы, соғыс психологиясы мен Ауған жеріндегі ерліктері туралы кеңінен баяндап, ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн сұхбатқа қонақтар, мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты. Сұхбат соңында қатысушылар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді.