«НАШАҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
09
сентябрь
2021

«НАШАҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. 

Бүгін мектебімізде денсаулық сақтау орталығының маманымен «Нашақорлық — қоғам дерті» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Кездесуде тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, арнайы таныстырылым мен бейнероликтер көрсетілді.

— Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек! — деді кездесуге келген нарколог маман.

Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет. Қазақстанның жарқын болашағы үшін біз нашақорлыққа қарсы аянбай күресуіміз керек!