"Әділ ұрпақ - ел болашағы" » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
17
октябрь
2020

"Әділ ұрпақ - ел болашағы"

Әділ, адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды. Бала мінезі, азаматтық көзқарасы ата-ана, орта, мектеп тәрбиесі арқылы қалыптасады. Рас, сәби ақ қағаздай болып дүниеге келмек. Қағазға шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де осыған ұқсас. Бүгінде білім беру мекемелері осы қағиданы ескеріп, оқушылардың бойында адалдық, әділдік сынды құндылықтарды қалыптастыру бағытында көп жұмыстар атқаруда. Осы мақсат-міндет аясында Алматы қаласы, Бостандық ауданы №93 жалпы білім беретін мектепте аға тәлімгер Қайсар Сейітақынұлының ұйымдастыруымен 9-11-сыныптар арасында "Әділ ұрпақ - ел болашағы" тақырыбында онлайн іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты - шәкірттерімізге  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті - мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында оқушылар қажетті ақпараттармен танысты. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, ол өз нәтижесін беретіні анық. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал, әділ ұрпақ - Мәңгілік Елдің кепілі