Мұқағали Мақатаев » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
09
февраль
2021

Мұқағали Мақатаев


Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына бүгін тура 90 жыл толды.
Ол 1931 жылы февральның тоғызы күні Нарынқол өңірінің Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан. «Қайран Қарасазым-ай» деп өлеңге қосқан, кейін әнші Рамазан Стамғазиевтің әніне айналған аядай ауылды бүгінде білмейтін қазақ кемде-кем.Мұқағалидің бала кезі сұм соғыстың қасіретті жылдарына тұспа-тұс келеді.

«Неңді сенің аңсаймын бала шағым, бұлдыраған айналаң ала сағым» деген ақынның анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды асырап жеткізеді. «Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?» Соғыс келді: жүрекке жара салды»... Осы өлең жолдарынан ақынның бала кездің өзінде қандай қиыншылықтан өткенін аңғарамыз.

Ол - қазақ поэзиясына қайталанбас туындыларымен, отты жырларымен келген ақын. Өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді. Мұқағали поэзияда туған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын кемелдендіре түсті. Күні бүгінге дейін халықтың ақын шығармашылығына деген құрметі бір мысқал кеміген емес. Бүгін де ақынның өлеңдері мен шығармаларының, ой-толғауларының жаңа кітап болып басылып жатқаны – осыған куә.