"Директорлық сенбі – ата-ана үні" » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
27
март
2021

"Директорлық сенбі – ата-ана үні"


«ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ — АТА-АНАЛАР ҮНІ»

Онлайн кездесудің мақсаты: 

Қашықтықтан оқыту кезіндегі

  1. Білім саласындағы жаңа технологиялар мен өзгерістермен таныстыру.
  2. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуде құқықбұзушылықтың алдын-алу жолдары бойынша оқуға құштар мектеп проект мен таныстыру . Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.
  3. Ата-аналар мен қарым-қатынаста педагогикалық көмек беру, қолдау көрсету.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен математика пәнінің мұғалімі: Қуанышбай  Мұхаммедзаңғар Маратұлы мәлімет берді. Оқыту мен тәрбиелеу үнемі үздіксіз бірге жүретін процесс, сондықтан оқыта отырып тәрбиелеудің жас ұрпақ үшін маңызды екеніне ерекше тоқталды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша: «Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді педагогикалық технологиялар және COVID-19 короновирустық пандемияға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жөнінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Д.Ш.Қалназарова        ата-аналарға қазіргі уақытта  білім алудың ілгері даму мүмкіндігінің зор тәсілдерінің бірі - қашықтықтан оқыту технологияларының  тиімді жақтарын тілге тиек етті.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша: Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатындығына, осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» проект н қолға алды. 5 жыл аралығында барлық мектеп кітапханаларында көркем әдебиетпен толықтыру көзделген. Қазіргі елдегі пандемияға байланысты мемлекет  «Кітап аппликэйшн» қосымшасын дайындағанын да айтып өтті. 

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша: Еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты мектепте мектеп инспекторы, сынып жетекшілер ата-аналармен бірлесе отырып  арнайы онлайн кездесулер өткізіліп отырады.     Отбасындағы  ата-аналардың  дұрыс қарым-қатынасы жастарды тәрбиелеуде маңызды орын алатыны айтылды және кәмелеттік жасқа толмаған баланың өмірі мен қауіпсіздігіне ата-анасы тікелей жауапты екенін ескертіп, арнайы баптармен таныстырып отырмыз.

 Ата-аналардан артық сұрақтар болмады. Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар алғандықтан өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Онлайн-кездесу нәтижелі, жемісті өтті!!!