КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖИЫНЫ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
07
ноябрь
2022

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖИЫНЫ

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды

Осы мәселеге байланысты мектебімізде 2022 жылдың 7 ноябрь күні жоғары сынып оқушылары үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Еркеш Садыққызымен арнайы кездесу өтті. 

Кездесуде орталық маманы Қазақстандағы іргелі оқу орындарының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Кездесу аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар алды.