«ЖЫР ЖҮЙРІГІ — МҰҚАҒАЛИ» атты ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
09
февраль
2023

«ЖЫР ЖҮЙРІГІ — МҰҚАҒАЛИ» атты ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

9 февраль қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынды еске алуға арналған «Жыр жүйрігі — Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кешке ұстаздар, жалынды жастар мен шығармашыл шәкірттеріміз қонақтар қатысты.

Кештің мақсаты — ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.

Әдеби-сазды кештің сәнін келтіру үшін «Бақыт деген...», «Жетімдер үні» шығармалары қойылым ретінде ұсынылды. Талантты шәкірттеріміз Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығының сәттерін сахналап, лирикалық шығармаларын орындады.

«Есіңе мені алғайсың», «Мен деп ойла» сынды әндері көрерменнің жүрек түкпірінен орын алды.

Кеш соңында ұйымдастырушылар әдеби-сазды кешке қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі.