ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ! » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
26
январь
2023

ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектебімізде «Әлімжеттік дегеніміз не?» тақырыбында педагог-психолог Базарымбетова Гүлжаһан Еденбайқызы арнайы тренинг сабақ өтті.

Тренинг сабақтың мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, әлімжеттіктің  алдын алу.