ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
20
сентябрь
2022

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. 

Мектебімізде осы тақырыптарда көптеген кездесулер, іс-шаралар өткізіледі. Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысы бойынша жұмыс жоспары құрылып, жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мектеп инспекторымен бірге рейд жұмыстары да белсенді атқарылады. 

Осы бағытта бүгін мектеп оқушыларымен арнайы кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 июльдегі «Администрация құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 65-бабы, яғни кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселелер түсіндірілді. Мектеп оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, сынып жетекшілерге оқушыларды үнемі қадағалап, ата-аналармен тығыз байланыс орнату тапсырылды.