«БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ» тақырыбындағы дөңгелек үстел » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
ноябрь
2022

«БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 ноябрь күні математика пәнінің мұғалімі Қасымова Әсемгүл Болатбекқызы педагогикалық ұжыммен «Білім алушыларға кәсіптік бағдар беру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты — кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеу тәжірибелерімен бөлісу. 

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Сондықтан ұстаздар тарапынан педагогикалық-психологиялық қолдау оқушылар үшін маңызды мәнге ие. Дөңгелек үстел барысында мектеп мұғалімдері кәсіптік бағдар беру бойынша өзіндік іс-тәжірибелерімен бөліміп, спикерге өз алғыстарын білдірді.