«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ, ЖОБА ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбындағы семинар-тренинг » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
Версия для
слабовидящих
» » «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ, ЖОБА ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбындағы семинар-тренинг
04
ноябрь
2022

«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ, ЖОБА ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбындағы семинар-тренинг

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 ноябрь күні бастауыш сынып мұғалімі Ғазымова Айнара Мұратжанқызы педагогикалық ұжыммен «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу, жоба жазу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 

Семинар-тренингтің мақсаты — мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу үшін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. 

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылау, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпыныс сынды әрекеттер — балаға тән үдерістер. Сондықтан оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Семинар-тренингте осы мәселеге айрықша көңіл бөлінді. 

Семинар-тренинг барысында Айнара Мұратжанқызы бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмысын жазу дағдыларын қалыптастыру үшін қажетті түрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар-тренинг соңында ұстаздар спикерге өздерінің ерекше ризашылықтарын білдірді.