КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Ағымдағы жылдың 7 ноябрь күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 10,11-сыныптарға “Нархоз” университетінің оқытушысы мен студенттері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушылар сауалнама толтырып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.