1-МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2022

1-МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

1 июнь — Халықаралық балаларды қорғау күні. Әр шаңырақтың мәні мен сәніне айналған балапандардың мерекесіне орай қала көлемінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің И.А.Крылов кітапхана-бөлімшесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шарада балалар өз өнерлерін ортаға салып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар балаларға арнап концерт қойды.

Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, балалар жазушысы Баян Болатханова арнайы қатысып, балалармен өзара сұқбат құрды. Қаламгер өзінің «Гауһартас» атты кітабын балаларға тарту етті.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Себебі адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.