КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ! » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2021

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!

1-сентябрь Білім күні мерекесіне орай мектебімізде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. 

Алғашқы қоңырау үні — ғажап! Сол үнмен бірге тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған шәкірттерімізге «Әліппеміз» оралды. Сонымен қатар, білім ұялары дәстүрлі форматтағы оқуға оралды. 

Кез келген жанның жүрегінде алтын әріппен жазылатын тарихи күн биыл жақсы жаңалықтармен ерекшеленіп отыр. Мектебіміз де ғылым мен техниканың жетістіктерімен заманауи үлгіде жабдықталып, шәкірттерді құшақ жая қарсы алуда. Осы орайда оқушылар мен ұстаздардың өмір қауіпсіздігі мен  санитариялық талаптарды қатаң сақтауы — басты назарда.

Алғашқы қоңырау салтанатты жиынында сөз алған мектеп директоры Тұрмахан Рита Тәжімқызы жас бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, «Әліппе» оқулығын табыстады. Ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. 

Білім күні, алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын, қадірлі ұстаздар мен шәкіттер!