«ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» тақырыбындағы СЫНЫП САҒАТЫ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
Версия для
слабовидящих
14
ноябрь
2023

«ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» тақырыбындағы СЫНЫП САҒАТЫ

15 ноябрь — Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 ноябрь республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1993 жылдың 12 ноябрьсында «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 ноябрьсында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. 

Атаулы мерекеге орай мектебімізде 14 ноябрь күні 2 «А» сынып оқушыларымен «Ұлттық теңге — ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты — тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

Сынып сағатында оқушылар төл валюавгустдың қабылдану тарихымен танысып, өзара ой-пікір алмасты.

Сынып жетекшісі: Донгабакова Алтын Қаһарманқызы, бастауыш сынып мұғалімі.