АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
март
2023

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ

Жыл сайын елімізде 1 март — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты — азаматтық қорғау құрылымдарын құруға және күшейтуге жәрдемдесу, техникалық және консультациялық көмек көрсету, азаматтық қорғау қызметтері үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, мемлекеттер арасында озық тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету. 

Республика бойынша барлық жерде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, жаттығулар, байқаулар өткізілді. Еліміздің барлық өңірлерінде мектептерде және балабақшаларда тақырыптық сынып сағаттары, ашық сабақтар мен дәрістер өткізілді, ТЖ департаменттерінің жеке құрамы үгіт материалдарын, ақпараттық, оқыту жаттығуларын ұйымдастырды.

Азаматтық қорғаныс күніне орай 1 мартда мектебімізде азаматтық қорғаныс әдіс-тәсілдеріне байланысты арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті.