«БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЫПТЫ ҚАРАЙЫҚ!» тақырыбындағы АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
27
январь
2023

«БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЫПТЫ ҚАРАЙЫҚ!» тақырыбындағы АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Мектебіміздің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27 январь күні бастауыш сынып мұғалімі Донгабакова Алтын Қаһарманқызы 1 «А» сыныбының ата-аналарымен «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық!» тақырыбында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізді. 

Ата-аналар жиналысының мақсаты — әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. 

Ата-аналар жиналысында Алтын Қаһарманқызы балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәрбие берудегі өзара ықпалдастықтың маңызына айрықша тоқталды.