«ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
13
декабрь
2022

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

16 декабрь ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 2022 жылдың 13 декабрь күні «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты мерекелік концерт өтті. 

Мерекелік концертте өнер көрсеткен дарынды шәкірттеріміз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ән мен күйден шашу шашты. «Қазақ хандығы» фильмінен үзінді қойып, Алаш қайраткерлерінің рөлін сомдады. 

Өнерлі жастар заманауи би элементтерін этно стильмен үйлестіріп, көрермен көзайымына айналды. Талантты шәкірттеріміз жалынды жыр жолдарын оқып, ұлттық рухымызды танытты. Ал, жас бүлдіршіндеріміз тәуелсіздік тақырыбына арналған әндері мен толғауларын орындады. 

Жоғары деңгейде өткізілген салтанатты іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары «Атамекен» әнін бірге орындады.