ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 93 » Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №93»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Бухгалтерия
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
01
октябрь
2022

ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ардагерлер! 

Сіздерді 1 октябрь — Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз!

Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
Еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайықты.

Талай жасты тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер.

Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.

Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!