» » Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

 
 
 

Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Автор: admin от 17-09-2018, 09:49, посмотрело: 23

0

Отбасы және балалар саласындағы Алматы қаласы Бiлiм басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 18 қарашада № 1229 болып тiркелдi

 

"Алматы Ақшамы" 28.11.2015 ж. № 146-147 (5181); "Вечерний Алматы" от 28.11.2015 ж. № 145-146 (12988-12983); "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 23.11.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әдiлет" 23.11.2015 г.


 

      РҚАО-ның ескертпесi.
      Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 13 сәуiрдегi № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру»;
      2) «Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу»;
      3) «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, iшкi iстер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкiне иелiк ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресiмдеу үшiн анықтамалар беру»;
      4) «Кәмелетке толмаған балаларға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен жасалатын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»;
      5) «Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұсыну»;
      6) «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»;
      7) «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»;
      8) «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау»;
      9) «Бала асырап алуға тiлек бiлдiрген адамдарды есепке қою»;
      10) «Жетiм баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бiржолғы ақшалай төлемдi тағайындау»;
      11) «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 13 мамырдағы № 2/349 қаулысы (мемлекеттiк тiркелiмнiң Тiзiлiмiнде № 1056 болып тiркелген, 2014 жылғы 12 маусымда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерiнде жарияланған) күшi жойылсын.
      3. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкiмi                        Б. Байбек

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594
қаулысымен бекiтiлдi

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 13 сәуiрдегi № 198 бұйрығымен бекiтiлген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО);
      2) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң нәтижесi – Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгiлеу туралы анықтама.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi үшiн қағаз жеткiзгiште өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, қағазға басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
      ЭҮП-да мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).
      5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:
      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрi – АЖО);
      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсырға арналған жүйе;
      3) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi – БНАЖ) – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзараәрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;
      4) ЖАО АЖ – жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйесi;
      5) ЖАО - жергiлiктi атқарушы орган – мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
      6) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) – жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;
      7) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;
      8) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үдерiсiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      9) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;
      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;
      11) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi - ЭҮШ) – электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiруге арналған ақпараттық жүйе;
      12) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮАШ) – электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      6. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштi және Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды ХҚКО арқылы немесе электрондық сұрау салуды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен өтiнiштi тiркеу және құжаттарды қабылдау, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi.
      8. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасының құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына беруi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн беру;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қоюы;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасындағы өзара рәсiм (iс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiш пен қажеттi құжаттар түскен соң көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгiлеу туралы анықтаманы әзiрлейдi, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қол қойдырады және ХҚКО-ның қызметкерiне беру үшiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi;
      4) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн ХҚКО-ның қызметкерiне бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 1 жұмыс күнi.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ ЭҮП арқылы өтiнiш берген кезде - 5 минут;
      Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу жөнiндегi деректер ақпараттық жүйесiнде болмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - 3 жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      2) ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарды тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15минут.
      12. Жұмыс кестесi:
      1) ХҚКО-да: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз.
      Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз, қызмет алушының тiркеу орны бойынша «электронды» кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезектi «брондауға» болады;
      2) ЭҮП: жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртiбiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет
көрсету процесiндегi ақпараттық жүйелердi
қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы

      13. Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы көрсетуге қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының, баланың туу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерiн (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн туылған жағдайда) ХҚКО-ның қызметкерi және көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегi мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн бередi.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлiгiн (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) ұсыну кезiнде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.
      ХҚКО бiр ай iшiнде нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда ХҚКО-ның сұранысы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн ХҚКО-ға жiбередi.
      14. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
      15. ХҚКО қызметкерiнiң ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдарының сипаттамасы:
      1) 1 үдерiс – ХҚКО қызметкерiнiң ХҚКО АЖ АЖО-да мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн логин мен парольдi енгiзуi;
      2) 2 үдерiс – ХҚКО қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген мемлекеттiк қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және ХҚКО қызметкерiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiн, сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң сенiмхаты бойынша мәлiметтердi (нотариалдық түрде куәландырылған сенiмхат, сенiмхаттың басқа куәлiгi болғанда – сенiмхат мәлiметтерi толтырылмайды);
      3) 3 үдерiс – ЭҮШ арқылы ЖТ ММБ-да көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi туралы, сонымен қатар БНАЖ-де көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң мәлiметтерi туралы тапсырысты жiберу;
      4) 1 шарт – көрсетiлетiн қызметтi алушы мәлiметтерiнiң ЖТ ММБ болуын, БНАЖ-де сенiмхат мәлiметтерiн тексеру;
      5) 4 үдерiс – ЖТ ММБ көрсетiлетiн қызметтi алушы мәлiметтерiнiң, БНАЖ-де сенiмхат мәлiметтерiнiң болмауына байланысты мәлiметтердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
      6) 5 үдерiс – ХҚКО қызметкерiнiң қағаз үлгiсiндегi құжаттардың болуы туралы тапсырысты толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткiзуi, оларды тапсырыс нысанына тiркеуi және мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн толтырылған нысанды (енгiзiлген мәлiметтердi) ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      7) 6 үдерiс – ЭҮШ арқылы «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзiнiң (бұдан әрi - ЭҮАШ) АЖО-на орталық қызметкерiнiң ЭЦҚ куәландырған (қол қойылған) электронды құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушы тапсырысын) жiберу;
      8) 7 үдерiс – электронды құжатты АЭҮШ АЖО электронды құжатты тiркеу;
      9) 2 шарт – ЖАО көрсетiлетiн қызметтi алушының қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттардың және мемлекеттiк қызметтi көрсету негiздемелерiнiң сәйкестiгiн тексеруi (өңдеуi);
      10) 8 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарының бұзылушылықтары болғандықтан, тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ХҚКО қызметкерi арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн (анықтаманы) алуы.
      16. Осы Регламенттiң 1 қосымшасында ХҚКО қызметкерiнiң ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдарының сипаттамасы (мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 1 диаграммасы) көрсетiлген.
      17. ЭҮП арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi және уақыты көрсетiлген хабарлама мәртебесi жiберiледi.
      ЭҮП-да электрондық сұранысты қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
      ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнiң сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және пароль арқылы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЖСН мен парольдi ЭҮП енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);
      3) 1 шарт – ЭҮП тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы мәлiметтердiң түпнұсқалылығын ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзылушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2 шарт – ЭҮП ЭЦҚ-дың тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы АЭҮШ АЖО-на электронды құжатты (тапсырысты) жiберу;
      9) 6 үдерiс – электронды құжатты АЭҮШ АЖО-на тiркеу;
      10) 3 шарт – тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi (өңдеуi);
      11) 7 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзылушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының АЭҮШ АЖО қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi қолхат) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптасады, көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады).
      18. Осы Регламенттiң 1 қосымшасында ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгi (мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 2 диаграммасы) көрсетiлген.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) толық сипаттамасы, сондай-ақ ХҚКО-мен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы осы Регламенттiң 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде
анықтамалар беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
1 қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге
тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 1 диаграммасы

<!-- [if gte vml 1]>

ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған
графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 2 диаграммасы

<!-- [if gte vml 1]>

<!-- [if gte vml 1]>

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде
анықтамалар беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
2 қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

<!-- [if gte vml 1]>

<!-- [if gte vml 1]>

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 15 қазандағы № 4/594
қаулысымен бекiтiлдi

«Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)
қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы13 сәуiрдегi № 198 бұйрығымен бекiтiлген «Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Жетiм балаға (жетiм балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО);
      3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң нәтижесi – Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу туралы аудан әкiмiнiң өкiмi немесеосы Регламенттiң 11 тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi үшiн қағаз жеткiзгiште өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, қағазға басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
      ЭҮП мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).
      5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:
      1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрi – АЖО);
      2) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсыруғы арналған жүйе;
      3) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi – БНАЖ) – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;
      4) ЖАО АЖ – жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйесi;
      5) ЖАО - жергiлiктi атқарушы орган – мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Алматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
      6) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) – жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;
      7) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;
      8) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үдерiсiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      9) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;
      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн куәландыратын электрондық сандық символдар жиынтығы;
      11) «электрондық үкiмет» шлюзi (бұдан әрi - ЭҮШ) – электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiруге арналған ақпараттық жүйе;
      12) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮАШ) – электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiнқызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекет
тәртiбiнiң сипаттамасы

      6. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштi және Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды жеке көрсетiлетiн қызметтi алушыдан немесе ХҚКО арқылы және электрондық сұраныс алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасының өтiнiштi тiркеуi және құжаттарды қабылдауы, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы -күнтiзбелiк 1 күн;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi, рәсiмнiң ұзақтығы –күнтiзбелiк 27 күн;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы -күнтiзбелiк1 күн.
      8. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасыныңқұжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн беруi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қоюы;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара рәсiм (iс-қимыл) тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiш пен қажеттi құжаттар түскен соң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - күнтiзбелiк 1 күн;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн, Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу туралы аудан әкiмiнiң өкiмiн немесеосы Регламенттiң 11 тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту туралы жауапты дайындайды, аудан әкiмiне өкiмге қол қойғызады – күнтiзбелiк 27күн;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманыаудан әкiмi өкiмге қол қойғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандартқа 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiлеу туралы аудан әкiмiнiң өкiмiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы – күнтiзбелiк 1 күн.
      11. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiздемелер:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы кәмелетке толмаған тұлға болғанда;
      2) адамды соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп тануы;
      3) адамды соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе сот ата-ана құқықтарын шектеуi;
      4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдар;
      5) егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;
      6) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдар болып табылады.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ ЭҮП арқылы өтiнiш берген кезде – күнтiзбелiк 30 күн.
      ХҚКО-ға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарды тапсыруы үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚКО-да – 20 минут.
      13. Жұмыс кестесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұма аралығын қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi;
      2) ХҚКО-да: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз.
      Қабылдау жеделдетiп қызмет көрсетусiз, қызмет алушының тiркеу орны бойынша «электронды» кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады, ЭҮП арқылы электрондық кезектi «брондауға» болады;
      3) ЭҮП: жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртiбiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк
қызмет көрсету процесiндегi ақпараттық жүйелердi
қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы

      14. Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы көрсетуге қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға:
      1) сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлiгiнiң (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн туылған жағдайда), некеге тұру туралы куәлiктiң (2008 жылдан кейiн некеге тұрған жағдайда), тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйдi пайдалану құқығын куәландыратын, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыс жасағаны жөнiнде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң есебi бойынша бар немесе жоқтығы туралы мәлiметтердi, сондай-ақ егер көрсетiлетiн қызметтi алушы некеде тұрған болса, көрсетiлетiн қызметтi алушының жұбайы (зайыбы), көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтi алушы ХҚКО және көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегi мәлiшаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.