» » Балаларға қосымша бiлiм беру және "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткiзу саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

 
 
 

Балаларға қосымша бiлiм беру және "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткiзу саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Автор: admin от 17-09-2018, 09:47, посмотрело: 25

0

Балаларға қосымша бiлiм беру және "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткiзу саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 10 шiлдедегi № 3/431 қаулысы. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 30 шiлдеде № 1186 болып тiркелдi

 

"Алматы Ақшамы" 08.08.2015 ж. № 95-96 (5130); "Вечерний Алматы" от 08.08.2015 г. № 95 (12932); "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесi 05.08.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әдiлет" 05.08.2015 г.


 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 170 «Балаларға қосымша бiлiм беру және «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткiзу саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
      2) «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласы
      әкiмiнiң мiндетiн атқарушы                 Ю.Ильин

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 шiлдедегi
№ 3/431 қаулысымен
бекiтiлдi

«Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша
бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 170 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет  стандарты(бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн берукөрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi: бiлiм алушыны ата-анасының бiрiнiң немесе заңды өкiлiнiң өтiнiшi негiзiнде балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымына қабылдау.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет ақылы және тегiн көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында көзделген бiлiм алушылар санатына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн немесе жеңiлдiк негiзiнде ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекет әлеуметтiк көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың бiлiм алуы кезеңiнде қаржылау шығыстарын толық немесе iшiнара өтейдi.
      Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
      1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;
      3) көп балалы отбасылардың балалары;
      4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
      5) жалпы және санаторийлiк үлгiдегi мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балалар;
      7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;
      8) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
      9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтiру емiн және медициналық оңалту көрсететiн ұйымдарда оқитын балалар;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет құнын Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      Бiлiм беру қызметтерiне ақы төлеу екiншi деңгейдегi банктер мен жекелеген банктiк операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы арқылы құжаттарды қабылдауы және өтiнiштi тiркеуi, рәсiмнiң ұзақтығы - 10 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының өтiнiштi қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымына қабылдау;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
      көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшпен қоса Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
      2) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiш түскен соң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мынадай мәлiметтердi көрсетiп, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi: сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi, сұралатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерiнiң аты-жөнi, әкесiнiң аты және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына ұсынады, рәсiмнiң ұзақтығы - 10 минут;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымына қабылдайды, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.
      10.Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
      2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшiн күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбi күндерi аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша
қосымша бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы

<!-- [if gte vml 1]>

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 шiлдедегi
№ 3/431 қаулысымен
бекiтiлдi

«Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын
тағайындау конкурсына қатысу үшiн
құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 170 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде әзiрлендi.
      «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдары, жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдау нөмiрiн, күнi мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат бередi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiнiң нысаны: қағаз түрiнде.
      4. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алуы мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi қызметкерiнiң құжаттарды қабылдауы, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.
      7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру;
      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
әрекет тәртiбiнiң сипаттамасы

      8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
      көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшпен қоса Стандарттың қосымшасында көрсетiлген конкурсқа қатысу критерийлерiне сәйкестiгiн растайтын материалдарды бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының конкурсқа қатысу туралы өтiнiш қабылдағаннан кейiн өтiнiштi қабылдау нөмiрiн, күнi мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
      11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбi күндерi аралығында, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн үзiлiссiз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым»
грантын тағайындау конкурсына қатысу
үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентiне
қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

<!-- [if gte vml 1]>

шаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.