Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (№ 200-2)

Автор: admin от 13-08-2018, 02:44, посмотрело: 50

0 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
2-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру
      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
      1. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
      2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
      3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
      4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
      7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
      Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.
      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13487 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      9-2. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;
      e-mail: pressa@edu.gov.kz;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
"Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарындағы білім
алушыларға жатақхана беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама
      _____________________________________________________________________
      (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)
      Азамат (-ша) ________________________________________________________
      /тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      № ___жатақханаға орналасуға жіберемін.
      Жатақхананың мекенжайы ______________________________________________
      20___ ж. "____" _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.
      Директор __________
      (қолы)
      20___ ж. "____" _________
      М.О.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

"Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарындағы білім
алушыларға жатақхана беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Нысан
      ______________________________ директоры
      _________________________________________
      (оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)
      _______________________ мамандығы бойынша
      _________________________________ тобының
      студенті ________________________________
      Т.А.Ә. (бар болса)
Өтініш
      Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
      Келу орны____________________________________________________________
      20 ж. " " _______ /қолы/
 шаблоны для dle

Категория: Информация

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.